FAQ
Поштаны қалай растауға болады?
1. Тіркеу кезінде дұрыс электрондық мекен-жайды енгізгеніңізге көз жеткізіңіз
2. Спам, Таратулар және т.б. бумаларды тексеріңіз немесе электрондық поштаның іздеу жолағына system@oy.kz енгізіңіз.
3. Егер хат болмаса, «Сауалнамалар» бөлімінде «МАҒАН ХАТТЫ ТАҒЫ БІР РЕТ ЖІБЕРІҢІЗ» гиперсілтемесін басыңыз.
Құпия сөзді ұмытып қалсам, аккаунтқа қалай кіруге болады?
Арқылы құпия сөзді қалпына келтіріңіз.
Егер әлеуметтік желі арқылы кіре алмасам не істеу керек?
Құпия сөзді қалпына келтіру рәсімін қолдану қажет. Логинде сіздің әлеуметтік желідегі аккаунтыңыз байланыстырылған поштаны көрсетіңіз.
Профиль деректерін қалай өзгертуге болады?
Профиль баптауларында Атыңызды, Тегіңізді, Қалаңызды өзгерте аласыз. Басқа деректерді өзгерту үшін қолдау қызметіне хабарласу керек: help.oy@polls.expert.
Құпия сөзді қалай өзгертуге болады?
Құпия сөзді профиль баптауларында немесе сілтеме бойынша өтіп өзгертуге болады.
Таратудан қалай бас тартуға болады?
Жеке кабинетте хабарландыру баптауларында жіберуден бас тарта аласыз.
Аккаунтты қалай жоюға болады?
Аккаунтты жеке кабинет баптауларында жоюға болады. Аккаунтты жою кезінде сіздің жеке деректеріңізді өңдеу тоқтатылады. Аккаунтты қалпына келтіру мүмкін емес.
Аккаунтты қалай қалпына келтіруге болады?
Аккаунтты қалпына келтіру мүмкін емес, өйткені аккаунтты жою кезінде сіздің жеке деректеріңізді өңдеу тоқтатылған. Бірақ сіз басқа поштаға жаңа аккаунт жасай аласыз.
Бірнеше аккаунт жасауға бола ма?
Жоба ережелерімен бірнеше белсенді аккаунттар құруға тыйым салынады. Бұл Пайдаланушы келісімінде көрсетілген. Шоттар тіпті оң теңгеріммен де бұғатталады, ал қаражатты шығару мүмкін емес.
Сурамжылоолор эмнеге керек?
Сурамжылоолорго катышуу – маанилүү салым. Сиз катышкандыктан компаниялар ѳркүндѳп мыктыланып жатышат,ал эми дүйнѳ жакшы жакка ѳзгѳрүп жатат. Сурамжылоого катышып, сиз ѳнүмдѳрдүн маркаларын, тейлѳѳнү, таңгактардын дизайнын баалайсыз, бааларды белгилейсиз жана маанилүү идеяларды бѳлүшѳсүз. Ал үчүн сизге акы тѳлѳнѳт.
Сауалнама өтуге шақыртулар қайда келеді?
Telegram немесе электрондық пошта арқылы. Әдепкі қалпы бойынша, барлық сауалнамалар сіздің поштаңызға келеді. Сауалнамаларды Telegram-да алу үшін оны осында қосыңыз.
Сауалнамалар қаншалықты жиі келеді?
Сауалнамаға шақыртулар кездейсоқ түрде келеді. Кейде күніне бірнеше рет, ал кейде 1-2 аптада бірде – бір сауалнама келмейді.
Кеңес: сауалнамалар жиі келуі үшін бейіндік сауалнамаларды үнемі жаңартып отырыңыз.
Telegram-ға сауалнамалар тезірек келеді, жазылыңыз.
Сәйкес сауалнамаларды қалай алуға болады?
Профиль бөлімін үнемі жаңартып отырыңыз. Сіздің жауаптарыңыз сауалнамаларды дәлірек таңдауға көмектеседі. Тіпті болмашы өзгерістер де жағдайды 180º-қа дейін бұра алады.
Сауалнамаға неге төлем жүргізілмеген?
Біз сіз соңына дейін өткен сауалнамалар үшін ұпай есептейміз.
Сауалнаманың «Сәйкес келген жоқ» мәртебесі нені білдіреді?
Бұл сауалнамаға басқа қызығушылықтары мен қалаулары бар қатысушылар қажет екенін білдіреді. Немесе сіздің топ мүшелерінің қажетті саны жиналды.
Сауалнамада қате болса не істеу керек?
1. Сіздің құрылғыңыздағы VPN өшіріңіз.
2. Сіздің браузеріңіздегі жарнама бұғаттаушысын өшіріңіз.
3. Браузердегі кэшті тазалаңыз.
4. Браузердегі cookie тазалаңыз.
5. Парақшаны жаңартыңыз.
Бұл 99% жағдайда көмектеседі.
Егер бұл көмектеспесе, бізге жазыңыз: help.oy@polls.expert.
Біз бәрін міндетті түрде түзетеміз!
Егер сұрақтарға адал емес жауап берсе не болады?
Жүйе сіздің жауаптарыңызды тексереді.
Мысалы, егер сіз тексеру сұрағына қате жауап берсеңіз, онда біз бұл сауалнаманы есептемейміз. Сонымен қатар, сауалнамаларды адал емес толтыру сіздің рейтингіңізге әсер етуі мүмкін.
Серіктестік сауалнамалар үшін ұпайлар неге есептелмеген?
Серіктестік сауалнамалар үшін ұпайлар біраз кідіріспен есептелуі мүмкін. Алайда, біз серіктестік сауалнамалардың жұмысына және оларды өтуге ынталандыруға жауапты емеспіз.
Ақшаны қалай шығарып алуға болады?
3000 ₸ бастап ұялы телефонның балансына шығарып алуға болады.
Шығарып алуға берілген өтінім қанша уақыт өңделеді?
Ол расталған сәттен бастап 14 күн ішінде.
Өтінімді қалай растауға болады?
Өтінім жасалғаннан кейін сіздің поштаңызға оны растау үшін хат келеді. Хаттағы «Растау» батырмасын басыңыз. Осылайша, өтінім расталады және әрі жұмысқа кетеді.
Өтінімді растау үшін хат келмесе не істеу керек?
Спам, Таратулар/Промоакциялар, Жойылғандар және т. б. бумалардан тексеріңіз. Немесе электрондық поштаның іздеу жолағына system@oy.kz енгізіңіз.
Егер хат болмаса — бізге жазыңыз: help.oy@polls.expert.
Өтінімнен қалай бас тартуға болады?
Өтінімнен бас тарту үшін бізге жазыңыз: help.oy@polls.expert.
Достарды қалай шақыруға болады?
«Досыңды шақыр» бөліміне өтіңіз, рефералдық сілтемені көшіріп, достарыңызға жіберіңіз!
Досым үшін қанша KZT аламын?
Сіз әр досыңыз үшін 75 KZT аласыз, ол
– поштаны растағаннан кейін
– профильді толтырғаннан кейін
– бейіндік сауалнамаларды есептемегенде бірінші сауалнаманы сәтті өткеннен кейін
Мен қанша дос шақырғанымды қайдан көруге болады?
Сілтеме арқылы шақырған достарыңыздың тізімі «Досыңды шақыр» бөлімінде көрсетілген.
Неге тізімде менің досым жоқ?
Егер сіздің досыңыз тізімде болмаса, ол сіздің сілтемеңізбен тіркелмеген.
Маңызды: браузердегі сілтемені өзгертпестен тіркеуге өту керек.
Неліктен дос үшін KZT есептелмеген?
Бұл сіздің досыңыз әлі бірде-бір сауалнамадан өтпегенін білдіреді. Ол бірінші сауалнамадан сәтті өткеннен кейін (бейіндік емес), 75 KZT сіздің теңгеріміңізге есептеледі.
Аккаунт рейтингі дегеніміз не?
Рейтинг сіздің жауаптарыңыздың сапа деңгейін білдіреді. Сауалнамаларды адал, мұқият және зейін салып толтырғаныңыз маңызды.
Тіркелу кезінде сіздің рейтингіңіз 100% құрайды.
Рейтинг нелерге әсер етеді?
Рейтинг неғұрлым жоғары болса, соғұрлым көп шақыртулар болады. Төмен рейтинг — шақыртулар аз.
Рейтинг не үшін төмендетілуі мүмкін?
Сауалнама өту ережелері бұзылғаны үшін рейтинг төмендетілуі мүмкін.
Мысалы:
– ашық сұрақтарға ақпаратсыз жауап берсеңіз;
– жауаптарға әдепсіз жауап берсеңіз;
– сұрақтарды оқымай, сауалнаманы тез, мұқиятсяз және зейін салмай толтырсаңыз.
Рейтингті қалай көтеруге болады?
Егер сіз болашақта сұрақтарды зейін салып, адал және мұқият жауап беруге міндеттенсеңіз, біз сіздің рейтингіңізді БІР РЕТ қалпына келтіре аламыз. Ол үшін қолдау қызметіне хабарласыңыз: help.oy@polls.expert.
Егер рейтинг 0 болса не істеу керек?
Егер рейтинг 0 болса, онда рейтинг сауалнама ережелерін бірнеше рет бұзғаны үшін төмендетілген. Бұл жағдайда, өкінішке орай, біз рейтингті қалпына келтіре алмаймыз.