Сұраулардан өтіңіз - сыйлықақы алыңыз!
Әлемді бірге жақсартайық!

Сұрақтар мен жауаптар

Профиль

Сайтта авторлану мүмкін болмай тұр.

Енгізілген ақпараттың дұрыс екеніне (артық бос орындардың жоқтығына, пернетақаның ағылшынша нұсқасының қойылғанына, Caps Lpck-тың өшірілгеніне) көз жеткізіңіз.

Мен парольді ұмыттым.

Парольді қалпына келтіру түрін пайдаланыңыз — тіркеу кезінде көрсетілген e-mail-ді енгізіңіз, «Қалпына келтіру» батырмасын басыңыз. 24 сағат ішінде сіздің поштаңызға жаңа парольді қалыптастыруға арналған сілтеме келуі тиіс.

Профильдік ақпаратты қалай өзгертуге болады?

Бұлай ету өте оңай – өзгеріс енгізгіңіз келген тарауға кіріп, қажетті сұрақтар мен жауаптарды таңдап, өзгерістерді сақтап қою керек. Өтінеміз, біз сізге қызықты сауалнамаларды жіберуіміз және өндірушілерге бірге ықпал ете алуымыз үшін, ақпаратты маңызды қалпында сақтауды өтінеміз.

Сұраулар

Сұрауларға шақырулар қалай келеді?

Шақырулар электрондық поштамен жөнелтіледі және сіздің дербес кабинетіңізде көрініс табады.

Сұраулар келмейді.

Сұрауларға шақырулар әрбір жеке сұраудың критерийіне сәйкес келетіндей етіп кездейсоқ таратылады. Мысалы, егер сұрау балалар тағамын таңдау туралы болса, онда сұрауға белгілі бір жастағы балалы әйелдер шақырылады. Сіздің сұрауға тура келу ықтималдығыңызды ұлғайту үшін, өтінеміз, профильдің барлық қосымша тарауларын толық толтырыңыз, сенім деңгейінің едәуір жоғары болуы үшін біздің сұрауларға адал жауап беріңіз, no-reply@oy.kz мекенжайын поштамен лезде шақыру алу үшін өз мекенжайлық кітабыңызға енгізіңіз, өзіңіздің жеке кабинетіңізге тұрақты кіріп тұрыңыз.

Не могу пройти опрос.

Егер сұрау ашылмаса, оны басқа браузерден ашуға тырысып көріңіз. Егер сізде басқа браузер болмаса, сілтемені біршама уақыттан кейін ашып көріңіз. Егер бұл көмектеспесе, біздің … қолдау қызметімізге жүгініңіз

Егер мен сұрақтарға дұрыс жауап бермесем, оны сіз қалай тексересіз?

Біздің жүйеміз сіз сұрауларды толтырған кезде түрлі параметрлерді автоматты түрде тексереді. Кемшіліктерді айқындау кезінде, ол үшін біз ұрыспаймыз. Егер жауаптар әдейі қарама-қайшы немесе үстірт болса, онда бұл сіздің сенім рейтингіңізге әсер ететін болады. Толығырақ рейтинг туралы оқуға болады тут.

Сыйлықақы

Ақша қаражатын шығаруға арналған ең төмен сома қанша?

Ақша қаражаттарын шығару үшін, 3000 теңге жинау керек. Қазіргі сәтте сізде қанша ақша жиналғанын жеке кабинеттен көруге болады.

Мен сұраудан өттім, сұрау сәтті аяқталды гене ескерту хабарламасын алдым, бірақ ақша түскен жоқ.

Әдетте, сыйлықақы сауалнаманы толтырған соң аударылады, кейде аударуға бірнеше күн қажет болады. Өтінеміз, теңгерімді кешіктірмей тексеріңіз. Біз ақшаның міндетті түрде түсетіндігіне сенімдіміз. Егер мәселе шешілмесе, өтінеіз, бізбен хабарласыңыз.

Тапқан ақшамды мен қалай алсам болады?

3000 теңге жиналған соң немесе мобильді телефонға аударуға болады. Біз сізге ыңғайлы болуы үшін тізімді кеңейтумен шұғылданудамыз, сондықтан жаңартуларды қадағалаңыз.

Аударымға тапсырыс берілді, бірақ ақша келіп түскен жоқ.

Аударым жасауға өз сұранысыңызды әзірлеу үшін, әдете, 14 күн қажет етіледі. Егер ақша 14 күн ішінде келіп тұспесе, біздің қолдау қызметімізге жүгініңіз.

Досыңды ертіп кел

Өз достарымды жобаға шақырғым келеді.

Өзіңіздің жеке кабинетіңізден «Досыңды ертіп кел» тарауынан сіз достарыңыздың аты-жөндерін енгізіп, оларға шақыру жолдай аласыз. Егер сіздің достарыңыз көп болса, олардың бәрі біздің нысанымызға сыймаса, онда сол тараудан тіркеуге берілген сілтемені толықтырып, жеке хабарлама жолдай аласыз. Алғыс ретінде біз әрбір жаңа досыңыз профиль мен бірінше сауалнаманы* толтырысымен, сіздің шотыңызды 25 теңге толықтырамыз. Аударымдар сіздің жеке кабинетіңізде «Теңгерім» тарауында көрініс табады.

*сыйақы мәселелеріне ғана қатысты

Баптаулар

Белсендіру хаты келмейді.

Өтінеміз, біздің шақыруға арналған no-reply@oy.kz мекенжайымыздың сіздің мекенжайлық кітабыңызға қосылғанына және Спам папкасын тексеріңіз. Егер папкада хат жоқ болса, хатты қайта жөнелту үшін, жеке кабинеттің баптауына кіріп, ХАТТЫ МАҒАН ТАҒЫ ЖОЛДАҢЫЗ гиперсілтемесін басыңыз.

Пароль.

Біз қауіпсіздік үшін парольді мерзім сайын өзгерту ниетіңізді қолдаймыз. Оны ауыстыру өте оңай – сайттағы нысанды пайдалану керек.

Ескерту хабарламалары.

Біз жаңа сұраулар туралы сізге электрондық поштадан басқа түрде де ескерте аламыз. Өтінеміз, өзіңізге барынша ыңғайлы нұсқаны таңдап алыңыз.

Тілді таңдау.

Иә, біз қарым-қатынас жасауды жақсы көреміз, сондықтан сізге ыңғайлы әрі жайлы болуы үшін, порталдың мүмкіндіктерін толықтырып отыратын боламыз.

Жобаға қатысуды қалай тоқтатуға болады?

Біз өз сарапшыларымызды өте қадір тұтамыз, сізді ренжітіп алмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Егер сіз әлдебір себептер бойынша жобаға қатысуыңызды тоқтатпақ болсаңыз, онда «Баптаулар» мәзірінен» «Жобаға қатысудан бас тарту» тармағын пайдаланыңыз».